Елімізде докторантура грантын иеленгендер тізімі жарияланды
22.10.2023 19:15
Фото:
©El.kz/Арман МУХАТОВ
Ұлттық тестілеу орталығы 2023-2024 оқу жылы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тізімге 49 білім беру мекемесі енген. Олардың қатарында республикалық және аймақтық университеттер бар. Жалпы орын саны – 712, оның ішінде нысаналы орын – 107.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсуге арналған конкурсқа қатысу үшін шекті балл – 75.
2022 жылдан бастап докторантураға түсу үшін шет тілін білу туралы сертификатпен қатар ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсыну қажет.
Гранттар тізімін мына жерден көруге болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

