Елімізде Digital Bride бесінші форумы өтеді
Биыл 12-13 қазан күніне Digital Bride бесінші форумы жоспарланған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаменті директоры Ерсұлтан Ерманов күн тәртібі жасанды интеллект саласындағы адам мен технология арасындағы өзара іс-қимылға және олардың жалпы экономикалық даму әсеріне арналғанын айтты.
Мұнда айтылған пікірталастар мен идеялар цифрлық саланың дамуына маңызды үлес қосады деп күтілуде. Халықаралық форум әдеттегідей мемлекет басшысының, шет мемлекеттердің өкілдері, халықаралық корпорациялардың көшбасшылары, ақпараттық технологиялар мен инновациялар саласындағы үздік халықаралық және отандық сарапшылар, сондай-ақ барлық өңірлерден келген венчурлық инвесторлардың қатысуымен өтеді, - деді ол.
Ерсұлтан Әділетұлының айтуынша, Digital Bridge алаңында 20 мыңнан астам қатысушы, 300-ден астам IT компания, инвестор мен бизнес-періштелер, әлемнің 20-дан астам елінен келген жүздеген спикер мен стартап бас қосады. Форум бағдарламасында жұмыс жәрмеңкесі, ІТ мектептердің, өңірлік ІТ хабтардың стартаптары мен технологиялық компаниялардың көрмесі секілді түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Сондай-ақ Google for Startups саммиті және Astana Hub Battle бірлескен серіктестік шаралары өткізу жоспарланған.
Digital Bridge инновациялар мен технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Бұл іс-шараға қатысушылар халықаралық серіктестіктер құруға, тәжірибе мен білім алмасуға, сондай-ақ әлеуетті инвесторлар мен қаржы институттарының алдында өздерінің инновациялық жобаларын ұсынуға мүмкіндік алады. Бұл форумда инвестициялық мәмілелер жасалып, халықаралық нарықтарға шығу арналары құрылады, - деді департамент директоры.