Жаңалықтар

Елімізде деструктивті діни ағым жақтаушылары ұсталды

Елімізде деструктивті діни ағым жақтаушылары ұсталды
Фото: ҚР ҰҚК 03.09.2024 11:33 525

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Алматы қаласында, Қарағанды, Түркістан, Ұлытау облыстарында терроризмге қарсы іс-шаралар өткізіп, деструктивті діни ағым өкілдерін құрықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК мәліметінше, деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып табылатын Қазақстанның 5 азаматы мен 1 шетелдік ұсталды.

Олар өшпенділік пен зорлық-зомбылық идеологиясын әлеуметтік желілер және басқа да жолдармен таратты деп күдіктелуде. Заттай дәлелдемелер табылды және алынды, оның ішінде 3 ұрыс гранатасы бар. Күдіктілердің екеуі бұған дейін тонау және ұрлық үшін сотталған, - делінген мәліметте.

Ұсталған адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға