Елімізде дәрі-дәрмек бағасын қалай бақылауға болады
Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға дәрі-дәрмектің шекті бөлшек сауда бағасын бақылау үшін Dari.kz мобилдік қосымшасын пайдалануды ұсынып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл өмірлік маңызды дәрі-дәрмектерге баға белгілеудің қолжетімділігі мен әділдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.
Dari.kz қалай жұмыс істейді? Қосымшасының көмегімен пайдаланушылар баға саясатының бұзылуы туралы оңай және жылдам хабарлай алады. Бұл үшін келесілер жеткілікті:
1. Дәрі-дәрмектің түбіртегі мен қаптамасының суретін жүктеңіз.
2. Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне автоматты түрде жіберілетін өтініш жіберіңіз.
Қосымша сонымен қатар дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін пайда болған жанама әсерлер туралы хабарлауға мүмкіндік береді. Бұл дәрі-дәрмектердің сапасын бақылауды жақсартуға көмектеседі.
Денсаулық сақтау министрлігі белгіленген шекті бөлшек сауда бағасынан асып кеткені үшін айыппұлдар көзделгенін еске салады. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 426-бабының 1-бөлігіне сәйкес мынадай айыппұлдар көзделген:
• Жеке тұлғалар: 70 АЕК.
• Лауазымды тұлғалар: 100 АЕК.
• Шағын кәсіпкерлік субъектілері: 130 АЕК.
• Орта кәсіпкерлік субъектілері: 200 АЕК.
• Ірі кәсіпкерлік субъектілері: 1000 АЕК.
Dari.kz қосымшаны App Store және Google Play қосымшаларынан тегін жүктеуге болады.