Жаңалықтар

Елімізде «D» санатты футбол жаттықтырушысының лицензиясын алуға арналған курс басталды

Елімізде «D» санатты футбол жаттықтырушысының лицензиясын алуға арналған курс басталды
Фото: © Freepik.com 24.10.2024 11:21 453

Supernovas Қазақстан футбол федерациясымен бірлесіп, «D» санатты футбол жаттықтырушысының лицензиясын алу үшін тегін онлайн-курс ашады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл бастама кез келген адамға жаттықтырушы қызметінің негізгі қағидаларын үйренуге және балалармен жұмыс істеуге қажет дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. 

Курс нәтижелері бойынша сертификат алған қатысушылар аймақтық футбол қауымдастықтары ұйымдастырған қорытынды тестілеуден өтіп, білімін растауға мүмкіндік алады. Емтиханды сәтті тапсырғандар «D» санатты ресми лицензияны алып, кәсіби жаттықтырушы ретінде мансапқа жол ашады. 

Курстың негізгі ерекшеліктері:

Тегін оқу: курс кез келген адамға қолжетімді және тегін ұсынылады. 

Онлайн формат: интернет қосылу болса, кез келген уақытта және кез келген жерде оқуға болады. 

Жауапкершілік: бағдарлама балалардың қауіпсіздігі мен жаттығуларда жағымды атмосфера құруға басымдық береді, бұл жаттықтырушыларға футбол дағдыларын тиімді үйретіп қана қоймай, шәкірттерімен сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.

Supernovas жобасының жетекшісі Анна Федорчук: 

inDrive-тің арқасында Supernovas бағдарламасы қазір 7 елде жұмыс істейді және 3500-ден астам баланы біз оқытқан жаттықтырушылар жаттықтырып жүр. Біз үнемі студенттерден кері байланыс жинап, олардың жаттығулардағы ерекше және позитив атмосфераны жоғары бағалайтынын байқаймыз. Біз осы білім мен дағдыларды футбол үйрететін барлық жаттықтырушылармен бөліскіміз келеді.

Қазақстан Футбол Федерациясына осы идеяны қолдап, сенім артқаны үшін ризашылығымызды білдіреміз. Біз бұл платформаға жаппай футбол жаттықтырушыларын оқытатын әлемнің ең үздік тәжірибелерін жинадық. Бұл бастама жаттықтырушыларды осы мамандыққа көптеп тартуға және олардың дамуын қолжетімді етуге мүмкіндік беретініне сенімдімін. Әрине, біз үшін ең маңызды нәтиже – бақытты балалар, олар оқудан өткен жаттықтырушылар қолданатын әдістердің оң өзгеріс әкелетінін міндетті түрде байқайды, - деп атап өтті. 

Ал ҚФФ өкілі бұл бағдарлама еліміздегі фцтболды дамытудағы маңызды қадам екенін алға тартты.

inDrive-пен серіктестік еліміздегі жаттықтырушылардың дайындығын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл курс – Қазақстандағы футболды дамыту жолындағы маңызды қадам және ол тәжірибелі жаттықтырушыларға да, жаңадан бастаған мамандарға да қажет болатынына сенімдіміз, - деді Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Андрей Дудин. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға