Елімізде бірнеше автожолда көлік қозғалысы ашылды
"ҚазАвтоЖол" компаниясы республикалық маңызы бар автожолдарда козғалыстың ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
12 қазанда сағат 08:00-ден бастап ауа райының жақсаруына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түріне қозғалыс ашылады:
“Астана - Петропавл” жолының 18-304 шақырымы (Астана қ. - Щучинск қ. - Көкшетау қ.);
“Астана - Петропавл” жолының 304-341 шақырымы (Көкшетау қ. - СҚО шекарасы);
“Көкшетау - Атбасар” жолының 0-185 шақырымы (Көкшетау қ. - Атбасар қ.);
“Көкшетау - Рузаевка” жолының 0-61 шақырымы (Көкшетау қ. - СҚО шекарасы);
“Көкшетау қ. айналма жолы” 0-18 шақырымы;
“Көкшетау - Омбы” жолының 14-50 шақырымы (Көкшетау қ. - СҚО шекарасы);
“Екатеринбург - Алматы” жолының 1003-1128 шақырымы (Атбасар қ. - Астраханка ауылы);
“Астана - Ерейментау - Шидерті” жолының 16-200 шақырымы (Астана қ. - Павлодар облысының шекарасы).