Жаңалықтар

Елімізде бір тәулікте 5 адам суға батып кетті

Елімізде бір тәулікте 5 адам суға батып кетті
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 07.06.2023 19:54 1477

Еліміздің су айдындарында бір тәулікте Астана қаласында, Ақтөбе, Қарағанды және Ұлытау облыстарында 5 адам суға батып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Адамдардың жабдықталмаған жерлерде шомылуынан қайғылы статистика қалыптасты. Құтқарушылардың көптеген ескертуіне қарамастан, азаматтар рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға тыйым салынғанын елемейді.

6 маусымда Қарағанды облысының су айдындарында адам өлімінің 2 жағдайы тіркелді.

Сағат 17:30-да Қарағанды қаласы Федоров су қоймасында ТЖД күштері судан 2004 жылы туған жас жігіттің мәйітін алып шықты, ол сағат 16: 55-те шомылуға жабдықталмаған жерде суға батып кетті. Демалыста достарымен бірге болған.

20:17-де Жезқазған Кеңгір су қоймасында куәгерлер судан 2005 жылы туған ер адамның денесін алып шықты, ол рұқсат етілмеген жерде шомылу кезінде суға батып кетті.

Сағат 17: 46-да Астана қаласы Есіл өзенінде, ТЖД күшімен Өзбекстан Республикасының азаматы, 1990 жылы туған ер адамның денесі судан шығарылды. Ол шомылуға жабдықталмаған жерде шомылу кезінде сағат 15:52-де батып кеткен, ағасымен бірге болған.

21:07-де Ақтөбе облысында Қарғала өзенінде ТЖД күштерімен судан 2004 және 2003 жылы туған ер адамдардың денелері шығарылған. Олар жабдықталмаған жерде шомылу кезінде суға батып кетті, жағадан заттары табылған.

Осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері атқарушы органдармен бірлесіп өзендер, көлдер мен су айдындары маңындағы аумақтарға патрульдеу жүргізеді.

ТЖМ ескертеді! Өзіңізді, жақындарыңызды және балаларыңызды қорғау үшін судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет:

  • балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмау және ересектердің еріп жүруінсіз олардың шомылуына жол бермеу;
  • бейтаныс және шомылуға жабдықталмаған жерлерде шомылмаңыз, сондай-ақ «Шомылуға тыйым салынады», «Сүңгуге тыйым салынады», «Қауіпті! Су иірімі» ескертулеріне назар салыңыз;
  • мас күйінде шомылуға болмайды;
  • жүзу шекаралары белгіленген қалқымалардан тыс жүзуге болмайды;
  • шағын көлемді кемелерге және басқа жүзу құралдарына жүзуге болмайды;
  • тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге болмайды;
  • жүзуге арналмаған заттармен жүзуге болмайды;
  • қайықтардан, айлақтардан, табиғи түзілімдерден (жартастар, тастар, қоршаулар және басқа да заттар), сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеу.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға