Жаңалықтар

Елімізде білікті ұшқыш мамандарын дайындау қажет – Нұртөре Жүсіп

Елімізде білікті ұшқыш мамандарын дайындау қажет – Нұртөре Жүсіп
Фото: t.me/senate_kz 09.01.2025 12:41 201

Сенат кулуарында Нұртөре Жүсіп депутат әлемде және еліміздегі ұшақ апаттарының жиілуіне қатысты түсінік беріп, авиация академиясын әлемдік деңгейдегі кадрлар даярлау үшін қажет нәрсенің бәрімен қамтамасыз ету маңызды екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Пленарлық отырыста депутат қазіргі уақытта салада баяулық болса да, ілгерілеу барын, десе де жаңа ұшақтарды сатып алу, техникалық қызмет көрсету саласын арттыру, ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін халықаралық авиация ұйымдарының стандарттарын енгізу жұмыстарында сылбырлық барын тілге тиек етті.

Одан бөлек кейбір өңірлердегі әуежайлардың инфрақұрылымдарының әлсіздігі, жанармай және ұшу билеттерінің қымбаттығы сияқты кешенді проблемалар да жеткілікті. Осылардың ішіндегі ең маңыздысы, азаматтық авиация саласында халықаралық талаптарға сай келетін мамандарды әзірлеу мәселесі. Жақында мен азаматтық академияға барып, оқытушылармен кездесіп, оқу орнының техникалық базасымен таныстым, – дейді сенатор.

Депутаттың сөзінше, қазіргі уақытта ұшақ апаттарының жиілеуіне байланысты ұшақтарды басқаратын мықты және білікті кадрларды даярлау мәселесі өткір тұр.

Бұл мәселені Үкімет басшысының назарына ұсындым. Өйткені қаржыландыруға қатысты біраз мәселе бар. Сол арқылы жаңадан академияның базасында әуе айлағын салу мәселесі, басқа да құралдарды жаңарту арқылы біздің білікті ұшқыш мамандарын даярлау өте өзекті болып тұр. Ұшақты басқаратын ұшқыш, ал ұшқыш қаншама адамның өміріне тікелей жауапты. Сол себепті бұл салаға барынша назар аудару қажет, – дейді сенатор Нұртөре Жүсіп.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға