Жаңалықтар

Елімізде бес жыл ішінде қала саны өскен

Елімізде бес жыл ішінде қала саны өскен
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі 21.08.2024 02:25 539

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда қанша қала бар екенін жариялады. Ондағы мәліметке сүйенсек, соңғы бес жылда елімізде қала саны артқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агентттігі. 

Соңғы бес жылда Қазақстандағы қалалар саны 2 облыстық және 1 аудандық маңызы бар қалаларды қоса алғанда үшке артқан. 2024 жылдың 1 шілдесіне елімізде қала мәртебесі бар 90 елдімекен тіркелген.

Олардың ішінде:
39 — облыстық маңыздағы;
48 — аудандық маңыздағы;
3 — республикалық маңыздағы;

Қалалардың ең көп саны Ақмола облысында — 11, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының әрқайсысында 8-ден.

Бес жыл бұрын қала халқының үлесі 58% құраған. Бүгінде бұл көрсеткіш 62,7% дейін өсті. Осылайша қала халқының саны 12,6 млн адамға жетті.

Ең көп қала тұрғындарының саны республикалық маңызы бар қалаларда: Астана – 1,4 млн, Алматы – 2,2 млн, Шымкент – 1,2 млн адам. Облыстар ішінде 927 мың қалалық тұрғыны бар Қарағанды мен 709 мың қала тұрғыны бар Ақтөбе облыстарында урбанизация деңгейі ең жоғары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға