Жаңалықтар

Елімізде бензин мен дизель отыны қымбаттайды

Елімізде бензин мен дизель отыны қымбаттайды
Фото: El.kz 03.04.2023 16:44 3012

Энергетика министрі Болат Ақшолақов жанар-жағармай бағасының өсуінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айтуынша, осы жылы да бағадағы айырмашылық сақталып отыр. Өткен жылғы наурыз айымен салыстырғанда тұтыну көлемі 15 пайызға артты. Осыған орай сәуір айының ішінде және келесі айларда тапшылық болмау үшін бағаны өсіру туралы шешімге келгенін атап өтті.

Ресейде дизель бағасы орташа есеппен литріне 345 теңге, біздегі нарық бағасынан 45 пайызға қымбат. Қырғызстандағы баға 64 пайызға жоғары, яғни литріне 390 теңге, Өзбекстандағы баға бізбен салыстырғанда екі есеге қымбат, литріне 480 теңге. Бағамыздағы айырмашылық 101 пайыз. Қазақстандық дизель отынын түрлі жолдарды пайдаланып, шетелге сатудан түсетін пайда 50-ден 120 пайызға дейін жетеді, жалпы пайда жылына шамамен 140 млн АҚШ доллары, - деді министр.

Сондай-ақ министр көрші елдердегі жағдай Қазақстанның ішкі нарығына да әсер еткенін тілге тиек етті.

Мәселен өткен жылдың наурызында Ресейдегі бөлшек саудадағы дизель отынының бағасы Қазақстандағы бағамен теңесіп, арзандаған болатын. Нәтижесінде біз Ресеймен шекаралас жанармай станцияларында отынды сату көлемі азайғанын байқадық, демек Қазақстаннан жанармай шығару экономикалық тиімсіз болды. Алайда, бір айдан кейін көрші елдердегі баға күрт көтерілген кезде, біз дизель өндіру көлемін арттырсақ та, күз айларында оның тапшылығын қайта көрдік, - дейді министр.

Айта кетейік, Энергетика министрі Қазақстанда дизель тапшы екенін мәлім етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға