Жаңалықтар

Елімізде балалардың жеке жинақ шоты ашылады

Елімізде балалардың жеке жинақ шоты ашылады
Фото: pixabay.com 14.12.2022 14:53 1310

Елімізде балалардың жеке жинақ шоты ашылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Вице-министрдің айтуынша, «Балаларға арналған ұлттық қор» бастамасы 2024 жылы басталады.

«18 жасқа дейінгі барлық балаларға жеке жинақ шоттары ашылады, оған қаражат жыл сайын аударылады. Шот операторы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болады», деді ол.

Оның айтуынша, жиналған қаражат кәмелеттік жасқа толғанда ғана пайдалануға беріледі. Қажетті заңнамалық өзгерістер 2023 жылы қабылданады деп жоспарлануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға