Жаңалықтар

Елімізде балалардың денсаулығын сақтау саласында 2640 педиатр жұмыс істейді

Елімізде балалардың денсаулығын сақтау саласында 2640 педиатр жұмыс істейді
Фото: gov.kz 17.11.2023 01:29 765

Қазақстанда 14 қараша күні таңертең еліміздің бес мерейтойлық 20 миллионыншы азаматтары дүниеге келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар бір мезгілде Ұлытау және Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді.

Бес баланың дүниеге келуі, бұл 3 ұл мен 2 қыз, шын мәнінде тарихи оқиға болды, республика халқының саны бойынша 20 миллионыншы межеден өтуге мүмкіндік берді.

Мемлекет ана мен бала денсаулығының көрсеткіштерін жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдайды, бұл елдегі әлеуметтік-демографиялық жағдайды жақсартуға үлес қосуға мүмкіндік береді.

Соңғы 5 жылдың ішінде ҚР халқының саны 8,8%-ға өсті, ал елдегі балалардың саны 6,6 млн.-ға жетті, өткен жылы босандыру қызметінің үйлесімді жұмысының арқасында 410 мың кішкентай қазақстандық аман-есен дүниеге келді, осы жылдың басынан бастап жаңа туған нәрестелердің саны 339 650 құрады.

Елімізде 250 босандыру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 39 перинаталдық орталық бар, онда ана болу қауіпсіздігінің барлық қағидаттары енгізіліп, салмағы 500 грамнан асатын сәбилерді күту үшін терапия мен реанимацияның заманауи технологиялары қолданылады.

Сәби жасындағы ауруларды ерте анықтау және уақтылы түзету және емдеу мақсатында скринингтік бағдарламаларды жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Зат алмасудың тұқым қуалайтын ауруларын, сенсорлық бұзылуларды диагностикалаудың жаңа әдістері ерте араласу, өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуметтік мәні бар аурулардың жүктемесін азайту мақсатында енгізілуде.

Республика бойынша жүкті әйелдерді 1,2 млн.-ға дейін пренаталдық скринингпен қамтуды елеулі арттыратын 20 ұрықты сақтау орталығы ашылды.

Неонаталдық скринингпен 400 мыңнан астам жаңа туған нәресте, психофизикалық скринингпен – 3 жасқа дейінгі 1,5 млн бала және 6 жасқа дейінгі 2 млн бала аудиологиялық скринингпен қамтылды.

Биылғы жылы перзентханада 7,5 мың шала туған нәрестелер ерте араласу тәсілін қолдану және сәбилерге дүниені көруге көмектесу үшін ретинопатия скринингінен өтті.

Балалардың денсаулығын нығайту мақсатында жыл сайын туғанынан бастап 18 жасқа дейінгі балаларға профилактикалық тексерулер жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 9 айында 4,3 млн. бала профилактикалық тексеруден өтті.

Неонатологиядағы жоғары мамандандырылған көмек дамыған жағдайда дене салмағы өте төмен балалардың өмір сүру деңгейі 4 есе өсті. Сәбилер өлімі 1,5 есе төмендеді және бүгінгі күні бұл көрсеткіш тұрақты болып қалуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамытудың 2024 – 2030 жылдарға арналған «Әрбір әйел – әрбір бала» тұжырымдамасының жобасы әзірленді.

Қазақстандағы балаларға медициналық көмек кепілді көлем шеңберінде де, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде де тегін көрсетіледі, өйткені балалар мемлекеттің есебінен сақтандырылған.

Жыл сайын амбулаториялық деңгейде балалардың 100 млн. астам консультациялық-диагностикалық қабылдауы тегін жүргізіледі, тәулік бойы стационарларда 500 мыңнан астам бала көмек алады, алғашқы туған күндерінен бастап күрделі жоғары технологиялық араласуды қоса алғанда, 100 мыңнан астам операция жүзеге асырылады.

Балалардың денсаулығын сақтау саласында бүгінде 2640 педиатр, 773 неонатолог жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға