Елімізде азық-түлік бағасы арзандауы мүмкін
Фото: caspianlife.kz
Фото: caspianlife.kz
02.03.2023 11:34
1634
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамы төмендеуіне орай импорт арқылы келетін тауарлар арзандайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Баға төмендейді деп санаймын. Себебі доллар бағамы өскен кезде, импорт арқылы келетін тауарлардың құны көтеріледі. Ал доллар бағамының төмендеуін ескере отырып, импорт тауарлардың бағасы біртіндеп түседі», - деді Е. Жамаубаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Сонымен қатар ол экономикада инфляция да біртіндеп төмендейтінін жеткізді.
«Жылдың басында инфляцияның (20 пайыз) жоғары деңгейі байқалып отыр. 2-3 айдан кейін бұл көрсеткіш төмендейді деп санаймыз. Нақтыланған бюджетте инфляция деңгейін 7,5-9,5 пайыз шамасында белгіленді. Атап айтқанда, елімізде тауар бағасы түседі деп есептейміз», - деді Қаржы министрі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жәбірленушілерге өтемақы қорынан 312 млн теңге төленді
Келесі жаңалық
Жетісуда 600-ге жуық әйел жатыр мойны обырымен есепте тұр