Елімізде автомектептер көрсеткен қызмет көлемі өсті
06.06.2023 15:33
Фото:
©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы І тоқсанның қорытындысы бойынша жүргізушілерді даярлау мектептері көрсеткен қызметтердің көлемі 441,3 млн теңгені құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,3% артық. Оның ішінде бюджет есебінен 27,3 млн теңге, кәсіпорындар есебінен – 44,9 млн теңге, халық қаражаты есебінен 369 млн теңгеге қызмет көрсетілген.
Қызметтердің ең көп көлемін Батыс Қазақстан облысының автомектептері көрсеткен – 64,5 млн теңгеге, одан кейін Қарағанды және Ақтөбе облыстары, сәйкесінше 55,2 млн және 46,8 млн теңгеден. Көлік жүргізушілерін оқыту бойынша қызметтің ең аз көлемі Шымкент қаласында – 3,4 млн теңгеге, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

