Жаңалықтар

Елімізде ауыз сумен ең аз қамтылған өңірлер анықталды

Елімізде ауыз сумен ең аз қамтылған өңірлер анықталды
Фото: t.me/KZgovernment 02.05.2023 10:35 745

Қалаларда ауыз сумен қамтудың ең төмен көрсеткіші Жамбыл облысында тіркелген. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 91,9% құрайды. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысы 2021 жылғы  бірінші қыркүйектегі жолдауында 2025 жылдың соңына дейін сапалы ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етуді тапсырды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша ауыз суға қолжетімділік қалаларда 98,4% және ауылдарда 94,5% құрады. Соның ішінде ең төмен көрсеткіші Жамбыл облысында тіркелді. Яғни  91,9%, - дейді ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев.

Ол осы жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және реконструкциялауға республикалық бюджеттен 402 жобаны іске асыру үшін 280 миллиард теңге бөлінгенін атап өтті.

Бүгінде 89 қалалық елді мекеннің 64-ті 100 пайыз орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Қалған 25 қала 2025 жылдың соңына дейін (оның ішінде осы жылы 4 қала Шымкент, Талғар, Өскемен және Шемонаиха) кезеңдік жоспар  шеңберінде қамтамасыз етілетін болады, – деді вице-министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға