Жаңалықтар

Елімізде әуе рейстерімен ұшатындар көбейген

Елімізде әуе рейстерімен ұшатындар көбейген
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 30.05.2023 10:40 719

Былтырғы жылы отандық авиакомпаниялар 11 миллион жолаушыны тасымалдаған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 17 пайызға артық. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында еліміздің әуе транзиттерінің бүгінгі қарқыны жөнінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.


2022 жылы қызмет көрсетілген ұшу көлемі 410 мың ұшақты құрады, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 90%-ға, яғни 215 мың ұшаққа артық.

Қазіргі уақытта ішкі авиатасымалдауды 5 қазақстандық тасымалдаушы жүзеге асырады. Аптасына 56 ішкі авиамаршрут бойынша 706 рейс ұшады. Ұшу қолжетімділігін жақсарту және ішкі туризмді дамыту мақсатында авиамаршруттарды субсидиялау қолданылады. Биыл 7 облыста 23 авиамаршрутты субсидиялау үшін республикалық бюджеттен 7,2 миллиард теңге бөлінді. Ішкі туристік бағыттарға басымдық беріледі,- деді министр.

Халықаралық жолаушылар авиатасымалдарын дамыту үшін 2017 жылдан бастап «open sky» режимі енгізілді, нәтижесінде жыл сайын жаңа халықаралық маршруттар ашылғанына тоқталып өтті.

Бүгінгі күні 27 елге 103 авиамаршрут бойынша халықаралық тасымалдарды 3 отандық, 26 шетелдік авиакомпания орындайды, бұл пандемияға дейінгі көрсеткіштерден жоғары, - дейді Марат Қарабаев.

Биыл 18 жаңа маршрут ашу жоспарланып отыр, оның 9-ы ашылғанын атап өтті. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға