Елімізде ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендейді
04.12.2024 18:12
Фото:
©El.kz/Арман Мухатов
Қазгидромет 5-7 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын атмосфералық фронтальді бөлімдер анықтап, тұрақсыз ауа райын әкеледі: бұрқасынмен қар, оңтүстік өңірлерде - жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ күтіледі. Еліміздің батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Сондай-ақ ауа температурасының төмендеуі күтіледі: түнде еліміздің батысында 7-12 аязға дейін, солтүстік-батыста 13-18 аязға дейін, еліміздің солтүстігінде, орталығында 15-20 аязға дейін, республикамыздың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 3-8 аязға дейн, таулы аудандарда 10-16 аязға дейн төмендейді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

