Елімізде ауа райы күрт суытып 39 градус аяз болады
19.02.2024 01:35
Фото:
©El.kz/Жалгасбек ТОКТАМЫСОВ
Қазгидромет атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның батысында, оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында қар жауып, бұрқасын болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Республиканың оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталықта жел күшейед оңтүстік пен оңтүстік-шығыста тұман түсуім мүкін. Жетісу облысында – 30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында – 45 градус өте қатты аяз болады деп күтіліп отыр. Сондай-ақ, Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында 35-39 градусқа дейін қатты аяз сақталады.
Астанада Көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 33-35, күндіз 23-25 градус аяз.
Ал Алматыда күн бұлтты болып, жауын-шашын жаумайды. Жел екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 21-23 градус, күндіз 12-14 градус аяз.
Шымкентте күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 8-13, жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 0-2 градус суық.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

