Жаңалықтар

Елімізде арақ-шарап қымбаттайды

Елімізде арақ-шарап қымбаттайды
Фото: © Pixabay.com 11.07.2023 13:06 1684

1 шілдеден бастап елімізде ішімдік бағасы қымбаттайды. Қаржы министрі бөлшек саудада өткізу үшін араққа қойылатын шекті бағаны көтеру туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, 1 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейінгі аралықта ішімдіктердің бөлшек саудадағы ең төменгі құны былай белгіленді:

арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарының бір литрі – 1980 теңге; коньяк пен брендидің бір литрі – 2930 теңге.

Оқи отырыңыз:

Ал 1 қазаннан ішімдіктің ең арзан бағасы: арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарының бір ­литрі – 2100 теңге; коньяк пен брендидің бір литрі 3110 теңге болмақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға