Елімізде ана мен бала өлімі азайып келеді – министр
Фото: El.kz
Фото: El.kz
21.09.2022 10:51
1350
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният биыл ана өлімі жиі тіркелген өңірлерді атады, деп хабарлайды El.kz.
«Ана өлімінің ең жоғары көрсеткіштері Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады. Нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 1000 тірі туғандарға шаққанда 8,3-ті құрап отыр. Нәрестелер өлімінің ең жоғары көрсеткіштері Шымкент қаласы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында байқалады. 33% жағдайда 1 000 граммға дейін шала туған, салмағы аз балалар шетінеген», - деді министр.
Дегенмен, биыл елімізде ана мен бала өлімінің көрсеткіші 2,4 есе төмендегенін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодар полицейлері алимент төлемеген 155 адамды анықтады
Келесі жаңалық
БҚО-да студенттер курстастарынан ақша бопсалап келген