Елімізде алғаш рет “дропперлік” бабы бойынша іс қозғалды
Алматы облысында “дропперлік” бабы бойынша алғашқы сотқа дейінгі тергеу басталды. Белгісіз бір азаматша қосымша табыс туралы хабарландыруға жауап беріп, ұрланған ақшаларды аударуда делдал болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны OLX платформасынан “онлайн-төлем операторы” вакансиясын тапқан. Хабарландыруға жауап бергеннен кейін ол өзінің банк шотына қолжетімділікті берген, ал бұл шот кейін басқа азаматтардан ұрланған қаражатты аудару үшін пайдаланылған.
2025 жылдың қыркүйегінен бастап әйелдің картасына 2 миллион теңгеден астам ақша түскен. Ол әр транзакциядан 5% өзінe қалдырып, қалғанын схеманы ұйымдастырушыларға жіберіп отырған. Осылайша оның шоты ұрланған ақшаны заңдастыру құралына айналды.
Прокуратура мұндай схемалардың кең таралғанын атап өтті. Алаяқтар сыйақы үшін өз есепшоттарын беруге дайын адамдарды белсенді түрде іздейді. Көп жағдайда мұндай ұсыныстар зиянсыз қосымша жұмыс ретінде көрсетіледі.
16 қыркүйектен бастап Қазақстанда Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді. Осы өзгерістерге сәйкес дропперлік, өзгенің банк деректерін қылмыстық мақсатта пайдалану - қылмыстық жауапкершілікке жатады. Жауапкершілік өз шотын беретіндерге де, өзгенің банк карталарын сатып алатын немесе пайдаланатын адамдарға да қарастырылған.
Енді күдікті 232-1-бап бойынша жаза жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

