Жаңалықтар

Елімізде әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өседі

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі айтты
Елімізде әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өседі
Фото: gov.kz 28.10.2022 16:12 2583

Қазіргі таңда әзірленіп жатқан «Әлеуметтік кодекс» аясында әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін көтеру жоспарланып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов айтты, деп хабарлайды El.kz

«Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы орта есеппен 220 мың теңге. Осыны ескере отырып, біз мына «Әлеуметтік кодекстің» аясында әлеуметтік қызметкерлердің статусын өзгертуді, көтеруді көздеп отырмыз. Сол заңнаманың аясында бірінші – мәртебесі көтеріледі, екінші – оларға қойылатын талаптар өзгереді, үшінші – олардың жалақы мәселесі қаралады. Ол үшін біздің министрлікте арнайы жұмыс тобы құрылған. Осы жылдың соңына дейін сол жұмыс тобы өзінің жалақы, мәртебе жайында ұсыныстарын береді. Сосын оның барлығы заңға енгізілетін болады», -деп мәлім етті Ербол Оспанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға