Жаңалықтар

Елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Фото: © Pixabay.com 10.05.2023 11:41 949

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын Оңтүстік циклон айқындайтын болады: жаңбыр жауады, найзағай және бұршақ күтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

11-12 мамырда батыста, 12-13 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте, 13 мамырда еліміздің орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болады.

Республика бойынша температуралық фонның төмендеуі күтілуде. Солтүстік және шығыс аймақтарда түнгі уақытта 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Күндізгі уақытта еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы 5-15 жылыға дейін төмендеуі болжанады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға