Жаңалықтар

Елімізде Al Jazeera медиакорпорациясының қосыны ашылмақ

Елімізде Al Jazeera медиакорпорациясының қосыны ашылмақ
Фото: t.me/ruslanzheldibay 16.04.2025 03:36 330

Мемлекет басшысының кеңесшісі, баспасөз хатшысы Руслан Желдібай шетелдік танымал БАҚ-тың елімізде қосыны ашылатыны туралы жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Руслан Желдібай Al Jazeera медиа институтының директоры Иман Әл Амримен және Al Jazeera English телеарнасының басқарушы директоры Исса Әлимен болған кездесуде журналистер мен басқа да салалық мамандарды даярлау, сондай-ақ Қазақстанның тарихы, тұмса табиғаты және қазіргі дамуы жөнінде сыр шертетін деректі сериялар түсіру туралы ақылдасқанын атады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр Қатар еліне жасаған мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені «Әл-Жазирамен» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғанын алға тартқан ол 

Кездесуде Қазақстанда Al Jazeera арнасының тілшілер қосынын ашу мәселесін де көтердік. Медиакорпорация елімізде өз тілшілерін ұстаса, Қазақстан және Орталық Азия өңіріндегі елеулі оқиғалар туралы қызықты ақпарат тарату мүмкіндігі кеңейеді деп санаймын, - деді Руслан Желдібай. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға