Жаңалықтар

Елімізде АЭС салу бойынша референдумда дауыс беру аяқталды

Елімізде АЭС салу бойынша референдумда дауыс беру аяқталды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 06.10.2024 20:02 556

Референдум учаскелерінде бюллетеньдерді санау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Енді референдум учаскелерінде бюллетеньдерді санау басталды.

Айта кетейік, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 61,56%-і бюллетень алды.

Қазақстандағы референдум таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жалғасты. ОСК мәліметінше, елде дауыс беру құқығына ие 12 176 968 адам болды. 

Дегенмен шетелде референдум учаскелері әлі жұмыс істеп тұр.

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, дауыс беруге арналған 10 323 учаске, оның ішінде 59 шетелдегі мекемелер жанынан ашылған 74 референдум учаскесі жұмыс істеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға