Жаңалықтар

Елімізде АЭС Алматы облысындағы Жамбыл ауданында салынуы мүмкін

Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлім етті
Елімізде АЭС Алматы облысындағы Жамбыл ауданында салынуы мүмкін
Фото: gov.kz 01.02.2023 18:41 1836

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары Роман Склярдың басшылығымен ҚР Энергетика министрлігінің алқа отырысы өтті, онда ведомство басшысы Болат Ақшолақов 2022 жылғы жұмысты қорытындылап, 2023 жылға арналған міндеттерді айқындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Энергетика министрлігінің басшысы атап өткендей, маңызды мәселелердің бірі –  өндірілетін өнімді қайта бөлуді арттыру болып табылады, сондықтан өткен жылғы желтоқсанда Қытайға жылу бөлгіш құрастырмалардың бірінші партиясы жеткізілді, олар атом электр станцияларының жұмысына арналған.

Атом электр станциясының құрылысы аясында 2022 жылы Қытай (CNNC), Ресей (Росатом), Корея (KHNP), Франция (EDF) сияқты елдерден жеткізушілердің тексерілген реакторлық технологияларының «қысқа тізімі» жасалды. Ағымдағы жылы реакторлық технологияны таңдау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Атом электр станциясын орналастырудың оңтайлы алаңы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы ұсынылды. 2023 жылы атом электр станциясын орналастыру ауданын таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға