Жаңалықтар

Елімізде А вирустық гепатиті мен менингококк инфекциясы 6 есе өскен

Елімізде А вирустық гепатиті мен менингококк инфекциясы 6 есе өскен
Фото: © El.kz 24.07.2023 11:46 1083

Биылғы жылдың алғашқы 6 айының қорытындысы негізінде елордада инфекциялық, паразиттік, карантиндік және аса қауіпті инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағаланған. Бұл туралы Астана қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сарқыт Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгінде тырысқақ, ботулизм, қызамық, дифтерия, сібір жарасы, қышыма, тағы да басқа жұқпалы аурулар тіркелмеген. Санитариялық қызмет тұрақты негізде жүргізетін жұқпалы аурулар бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың арқасында 8 нозология бойынша жағдайлардың төмендеуіне қол жеткізу мүмкіндігі берілді. Жедел ішек инфекциясы 5 пайызға, скарлатина 56 пайызға, бактериялық менингит 36 пайызға, желшешек 40 пайызға және педикулез 44 пайызға төмендеді, - деп атап өтті дәрігер.

Оқи отырыңыз:

Сондай-ақ 4 аурудың көрсеткіші өткен жылдың деңгейінде қалған. Олардың қатарында туберкулез, эпидпаротит, В және С вирустық гепатиттері бар.

Жүргізіп жатқан жұмыстарға қарамастан бірқатар инфекция бойынша сырқаттанушылықтың өсуі байқалған. Олардың ішінде А вирустық гепатиті және менингококк инфекциясы 6 есеге, қызылша 17-ге дейін өсті, - деді Сарқыт Бейсенова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға