Жаңалықтар

Елімізде 900-ден астам неонатолог еңбек етеді

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті
Елімізде 900-ден астам неонатолог еңбек етеді
Фото: say.kyiv.ua 20.11.2022 18:14 1202

Бүгін біз екі маңызды күнді – Дүниежүзілік балалар күні мен бір-бірімен тығыз байланысты педиатр күнін атап өтеміз. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Өскелең ұрпаққа, әрбір балаға қамқорлық жасау тек ата-аналар мен жақын адамдардың міндеті ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік ауқымдағы міндет. Жыл басында ҚР-да 17 жасқа дейінгі балалардың саны 6 488 468 құрады, 2022 жылдың 9 айында 299 711 сәби дүниеге келді. Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысы жариялаған бала жылы шеңберінде бірқатар іс-шараларды белсенді түрде жүзеге асыруда. Ерте балалық шақ баланың оңтайлы дамуын қамтамасыз ететін күтім мен тамақтануды қажет ететін маңызды кезең болып табылады. Осылайша, балалардағы ауруларды ерте қамту және диагностикалау мақсатында елде жаңа туған нәрестелер мен жас балаларды скринингтік зерттеу бағдарламасы енгізілді, ол әрбір баланы жаңа туған кезеңнен бастап мектеп жасына дейін сүйемелдей отырып, кезең-кезеңімен кешенді тәсілді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың 9 айында 1,5 млн-нан астам бала скринингтік зерттеулермен қамтылды", - делінген хабарламада.

Министрліктің дерегінше, 6 жастан 17 жасқа дейінгі балалардың денсаулық әлеуетін қалыптастыруға мектеп ортасы үлкен әсер етеді.

"Осыған байланысты біз мектептердің медициналық пункттерін материалдық-техникалық жарақтандыру нормативі, профилактикалық жұмыс тәртібі және басқалар қайта қаралатын мектеп медицинасын көрсетуді ұйымдастыру стандартын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар, ҚР ДСМ Педиатриялық көмекті ұйымдастыру стандартын әзірледі. Онда ДДҰ ұсынымдарын ескере отырып, нерв-психикалық даму шкалалары қайта қаралды; баланың даму кабинеттерін жарақтандыру нормалары толықтырылды, алғаш рет аутизмге скринингтік тест енгізілді, баланың даму кабинеттерінің саны 600-ден 1500-ге дейін ұлғайтылатын болады. Сондай-ақ, онкогематология, кардиохирургия және ерте араласу практикасын қоса алғанда, балалар денсаулығын сақтаудың басқа салаларында көптеген өзгерістер орын алуда. Қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінде 5 мыңнан астам педиатриялық бейіндегі дәрігер, оның ішінде ауылдық жерлерде 886 маман, 900-ден астам неонатолог еңбек етеді". - деп жазылған министрлік мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға