Жаңалықтар

Елімізде 9 өңірде республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Оған ауа райының нашарлауы себеп болған
Елімізде 9 өңірде республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Фото: 24.kz 27.11.2022 04:15 1765

Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жолдардың бірқатар учаскесі еліміздің 9 өңірінде жабылды, деп хабарлайды El.kz  «ҚазАвтожол» ұлттық операторына сілтеме жасап.

Сағат 21.00-ден бастап ауа-райының нашарлауына байланысты Ақмола облысында қоғамдық және дизельді көлік құралдары үшін «Екатеринбург-Алматы» (Астана қаласынан Анар станциясына дейін) және «Астана-Петропавл» (Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейін) трассаларының учаскелері жабылды, - делінген ұлттық оператор таратқан хабарламада.

Ақмола облысы бойынша мына бағыттағы жолдар жабық:

-Екатеринбург – Алматы Астана – Атбасар трассасының бөлігі, Астана – станция Анар, Астана – Жібек Жолы жолының бөлігі;

-Астана – Қабанбай батыр – Киевка – Теміртау;

-Астана – Қорғалжын;

-Астана – Щучинск;

-Щучинск-Зеренді;

-Көкшетау-Атбасар;

-Көкшетау-Рузаевка;

-Жақсы-Есіл-Бұзылық;

-Көкшетау-Омбы;

-Астана-Петропавл.

Сондай-ақ Қарағанды және Павлодар облыстарында қоғамдық және жүк көлігі үшін барлық бағыттар бойынша республикалық трассалар жабылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға