Жаңалықтар

Елімізде 800 адамды алдады деген топ мүшесі Испаниядан экстрадицияланды

Елімізде 800 адамды алдады деген топ мүшесі Испаниядан экстрадицияланды
Фото: Видеодан алынған кадр 01.02.2024 15:00 1097

Бас прокуратура қаржы пирамидасын құрғаны үшін тағы бір күдіктіні Испаниядан экстрадициялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін ҚР Бас прокуратурасының және ІІМ-нің Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Испания Корольдігінен қаржы пирамидасының қызметіне байланысты трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысқаны үшін күдіктіні экстрадициялады.

Прокуратура мәліметінше, ол 2016-2017 жылдар аралығында заңсыз материалдық пайда көру мақсатында басқа елдердегі адамдар тобымен «Questra Holding» компаниясын құрды деген күдікке ілінген.

Қылмыскерлер қаржы пирамидасын әр түрлі елдердің аумағында кедергісіз тарату мақсатында интернет желілерде салымшыларды көбірек тарту үшін компанияның ойдан шығарылған инвестициялық портфельдерін сату туралы ақпарат орналастырылған веб-сайттар ашқан. Бұл топ 800-ден астам азаматты алдап, 1 миллиард теңгеден астам шығын келтірген, - делінген мәліметте.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктілер халықаралық іздестіруге жарияланған.

2022 жылдың желтоқсанында Бас прокуратураның экстрадициялық сұрауы бойынша іздеудегілердің бірі Испания аумағында ұсталды.

Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға