Жаңалықтар

Елімізде 622 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр

Статистикаға сүйенсек, 2005 жылдан бастап осы уақытқа дейін  81 мыңға жуық пәтер берілген
Елімізде 622 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр
Фото: indsi.ru 29.10.2022 11:49 3599

Қазір экономикалық үдерістерді үйлестіретін уақыт. Әлемнің дамыған елдері  жаһандық бәсекелестік интеграцияның өрісімен есептесіп отыр. Жер қойнауы қазба байлыққа толы, ауылшаруашылығына қолайлы дархан даласы бар Қазақстан дамыған елдермен ықпалдаса отырып әлем нарығында нарқын танытуға мүмкіндігі бар.

Рас, мемлекет экономиканың ырыс көздерін іздеуде. Жобалар да жоқ емес, бар,  кезек жүйелі жұмыста ғой. Тек әлемдік қаржы-экономикалық жүйеге бейімделіп, жаһандық бәсекелестікке қабілеттілікті арттыруға келгенде шабандық басым.

Бүгінгі күні әдеуметтік-экономикалық даму өлшемдерінің бірі-құрылыс саласына да байланысты. Бастапқыда бой көтерген құрылыс нысандарының сапасыздығы, бөлінген қаржының талан-таражыға түсуі жиі айтылушы еді. Қазір үй салуды үйрендік. Сапасын да біршама жақсарттық. Астана былай тұрсын, өзге облыс орталықтарында да құжынаған құрылыс. Көңілің қуанады. Алайда, тұрғындарға баспана жетіспейді. Неге? Бұл көптің көкейіндегі сауал. Жұрттың айтуынша тойып секіретіндерде тоғыз пәтерден бар. Бұл қалталы қауымның қанағатсыздығын көрсетеді. Ал, тоңып секіретіндер мемлекеттік бағдарламаға да ілікпей жатады. Бұл жағдайда, тұрғын үй саясатына қайта үңілген дұрыс шығар. Ақшасы барлар баспананы бизнеске айналдырмайтын заман да келер.

Дегенмен, елімізде  халықты баспанамен қамтудан түрлі жолдары қолға алынған. Ол үкімет бекіткен бағдарламалар аясында жүзеге асырылуда. Соның бірі пәтерді сатып алу құқығы мен жалға берілетін тұрғын үй мәселесі. Осы орайда  ҚР Индустия және Инфрақұрылымдақ даму министрлігі, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, тұрғын үй қатынастары басқармасының басшысы  Сұлтанғали Жалқұлды әңгімеге тарттық.

– Сұлтанғали, қазіргі таңда елімізде баспана кезегінде тұрғандардар көп пе?

– Бүгінде еліміз бойынша пәтер кезегінде тұрғандар саны 622 мыңға жуықтайды. Оның 250 мыңға жуығы  халықтың әлеуметтік осал топтары.  215 мыңнан астамы мемлекеттік қызметкер және 92 мыңға жуығы көп балалы отбасылар.

– Еліміздің тұрғын үй саясатында жаңа тәсілдердің жүзеге асып жатқанын естіп жатырмыз. Соның бірі-халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін қолға алынған бағдарлама.  Мақсат -жекелеген санаттағы азаматтардың баспана мәселесін шешу ме?

– Бізде несиеге, жалға және жастар бағдарламасымен берілетін пәтерлер бар. Статистикаға сүйенсек, 2005 жылдан бастап осы уақытқа дейін  81 мыңға жуық пәтер беріліпті.  Тарқатып айтсақ, 2019 жылдан Астана, Алматы және Шымкент қалаларында мемлекеттік қызметтегі 7 мыңнан астам маманға жалға пәтер берілді. 2025 жылға дейін тағы да 3 мың пәтер жастарға жалға берелді.  Өзіңізге берлігі бізде тұрғын үй инфроқұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде 2 және 5 пайызбен берілетін несиелік бағдарлама бар. Оған көпбалалары отбасылар, 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектер, жетім балалар және мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған. Сондай-ақ, Қазақстан заңнамасының 68 бабына сәйкес кезекте тұрған кейбір отбасылар 5 пайыздық несиелік бағдарламаға қатыса алады.

– Дұрыс қой, бұл ақпаратқа қанықпыз. Дегенмен, сол қолжетімді пәтерге іліге алмай жүргендер бар ғой. Талай адамның ренішін естігенбіз.

– Кезекте қаншама адам тұр, оның бәрін бір жылда баспанамен қамтамасыз ету мүмкін емес. Мұндай бағдарламалар жыл сайын жүзеге асады, тоқтап қалмайды. Сондықтан да сабырлық танытқан абзал. Бір нәрсені ескерейік, бірінші кезекте көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен мүгедек жандар тұр. Қазір Қазақстанда тұрғын үй нысандары көптеп салына бастады ғой, кезекте тұрғандардың бәрі де баспаналы болады. Тек оған уақыт керек.

– Өзіңіз жақсы білесіз «Бақытты отбасы» бағдарламасына енбей қалдық деп жалғыз басты аналар шағым айтқан-ды. Неге кірмей қалды? Тіпті оларды баспана кезегінен алып тастапты деген де қауесет бар.

– Ол рас, бұған дейінгі бағдарламаларға толық емес отбаслар қатыса алмады. Бірақ, оларды кезектен алып тастау мәселесі болған емес. Қазір тұрғын үй тұжырымдамасына жаңа өзгерістер енгізіліп жатыр. Ол бір күннің жұмысы емес. Жүйелеу керек, бәріне уақыт қажет. Қалай десек те, тұрғын үй мәселесінде бірінші кезекте көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі баласы барлар және жетім балалар тұрады. Ал, толық емес отбасылар алдағы уақытта 5 пайыздық бағдарламаға қатыса алады. Алдына ала даурығудың қажеті жоқ.  Кеше ғана ұлттық банк несиені 16 пайызға көтерді емес пе. Ал, үкімет шешімімен жасалып жатқан біздің бағдаралмар халыққа тиімді деп ойлаймын. Және бұл бағдарламалар тоқтап қалмайды. Жылдан жылға жаңарып отырады.

– Сұлтанғали, биылға бағдарламаға ілікпей қалғандар келер жылдан үміт күтері сөзсіз. «7-20-25»  көптеген отбасыларға шарапатын тигізді. Мұндай тиімді бағдарламалар алдағы жылдың еншісінде бар ма?

Қазақстан тұрғын үй компаниясы арқылы жаңа тетіктер пысықталуда.  Осы тетіктер аясында кезекте тұрғандарға таңдау құқығы ұсынылады.  20 жылға дейін сатып алу, немесе олардық қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты сатып алусыз жалға берілетін пәтерлер. Жалға берілген баспананың ай сайынғы төлемі 10-15 мың теңгенің шамасында болады. Біз 2017 жылдан бастап кейін сатып ала алмайтын пәтерлерді жалға беріп келгенбіз. Қазір көптеген сұрақтар туындап жатыр, неге ала алалмаймыз деген. Министрлікте осы мәселе талқылануда. Оның шешімін кейін жариялаймыз.                                                                                                                           Дегенмен, жалға берілген пәтерлерді сатып алу құқығы берілсе оның ай сайынғы төлемі өседі. Өйткені, ол пәтер несиеленеді. Несие болған соң онда пайыздық өлшем бар. Бұл бағдарламаға жағдайы орташа, немесе төман отбасылар қатысады ғой. Яғни, тәуекелі бар.  Егер пәтерді алған адам жұмыстан шығып қалса, болмаса басқа да жағдаймен төлей алмайтын болса, оны не күтеді?. Пәдерден айырылып қалу каупі бар ғой. Өмір болғасын ондай жағдай болады. Алайда, мен жұмыстан шығып қалдым, несиені төлеу қабылетім азайды десе, қайтадан сол өзі тұрып жатқан пәтерді жалға алуына мүмкіндік береміз. Бірақ, бұл мәселе әлі пысықталып жытыр.  Болып қалады-ау деген жағдайларды да жан-жақты талқылаймыз.

– Бізге уақыт бөлгеніңізе алғыс айтамыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға