Елімізде 40 градусқа дейін күн ысиды
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
Алдағы үш күнде республика бойынша ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік-батыста, солтүстікте бұршақ жауып, жел күшейеді.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: еліміздің батысында +30+39 градусқа дейін, солтүстік-батыста +25+35 градуасқа дейін, солтүстікте +23+30 градусқа дейін, орталықта, шығыста +25+33 градусқа дейін, оңтүстікте +35+40 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +28+35 градусқа дейін, - деп жазылған хабарламада.

