ДСМ

Елімізде 278,2 мың қызға қатерлі ісіктен қорғайтын вакцина салынды

23.10.2025 05:33

2024 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанда 11-13 жас аралығындағы қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бүгінгі таңда елімізде 278,2 мыңнан астам профилактикалық егулер жүргізілді, оның ішінде бірінші дозаны 170 мың жасөспірім, екінші дозаны — 108,2 мың адам алды. Иммундаудан кейін жағымсыз көрініс жағдайлары тіркелген жоқ.

АПВ-ға қарсы вакцинациялауды тиімді енгізу мен мониторингті қамтамасыз ету үшін иммундау барысына тұрақты бақылау жүргізіледі.

Вакцина қауіпсіз, жақсы төзімді және алдын алудың тиімді әдісі ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынады.

АПВ-ға қарсы иммундау бағдарламасының негізгі мақсаты әйелдерді АПВ-ның негізгі қоздырғышы болып табылатын жатыр мойны обырынан, сондай-ақ гениталдың кандиломаларды, анус және жыныс мүшелерінің обырын қоса алғанда, басқа да онкологиялық аурулардан қорғау болып табылады.

АПВ-мен сырқаттанудың ауыртпалығын және вакцинациялаудың тиімділігін ескере отырып, 147 ел бұл вакцинаны өздерінің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізді және әлемнің 76 елі АПВ-ға қарсы әйелдер мен ерлерді вакцинациялайды.