Жаңалықтар

Елімізде 2030 жылға дейін су шаруашылығы құрылыстарын қалпына келтірудің кешенді жоспары әзірленді

Елімізде 2030 жылға дейін су шаруашылығы құрылыстарын қалпына келтірудің кешенді жоспары әзірленді
Фото: ОКҚ 13.04.2024 21:38 774

Су ресурстары және ирригация министрлігі 57 жаңа су қоймасын салуды, 133 гидротехникалық құрылысты, 7 мың шақырымнан астам ирригациялық жүйені және 1200 шақырым топтық су құбырын қайта жаңартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ алаңында өткен брифингте хабарлады.

Бүгінгі таңда 114 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Суару жүйелерінің тозуы салдарынан тасымалдау кезінде судың шығыны мәселесін шешу үшін 14 мың шақырымнан астам каналды реконструкциялау жоспарлануда, - деді спикер.

Еліміздегі су қоймаларындағы жағдайға тоқталған Мөлдір Әбдуалиева, Жабай өзенінің реттелмейтін ағыны артуда, сондықтан Ақмола облысының Атбасарда су тасқыны бар екенін айтты.

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жалғасуда. Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі – 1176 см, бір тәулікте ол 138 см-ге көтерілді. Жағдай күрделі. Мамандар су өткізу іс-шараларын атқарып жатыр.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 95%-ға толды. Аймақта су тасқыны басталды. Шүлбі су қоймасына ағындардың ұлғаюына байланысты су жіберіліп жатыр. Жалпы, Ертіс каскадының су қоймалары штаттық режимде жұмыс істейді.

Гидрологтар алдағы уақытта суды ауылшаруашылық қажеттіліктеріне пайдалану үшін суды дұрыс өткізуде. Барлық нысандарда тәулік бойы кезекшілік және әр екі сағат сайын су шаруашылығы жағдайына мониторинг жүргізіледі, - деді ведомствоның ресми өкілі.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға