Жаңалықтар

Елімізде 2024 жылы қандай маңызды автожолдар жөнделеді

Елімізде 2024 жылы қандай маңызды автожолдар жөнделеді
Фото: Ашық дереккөзден 19.01.2024 06:29 1047

«ҚазАвтоЖол» 2024 жылы Ақтөбе – Ұлғайсын және «Жезқазған – Қарағанды жаңа жобаларын іске асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 96 км құрайтын «Ақтөбе — Ұлғайсын» және «Жезқазған — Қарағанды» атты екі жаңа жобаны іске асыруды жоспарлап отыр (40 км Жезқазған-Қарағанды және 56 км Ақтөбе-Ұлғайсын).

Қызылорда — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» республикалық күре жолының «Жезқазған — Қарағанды» учаскесін қайта жаңарту мақсатында «Мемсараптама» РМК қорытындысын алды. Құрылыс Ұлытау облысының Жаңаарқа және Қарағанды облысының Шет аудандарында жүргізіледі. 755 км-ден басталып, 795 км-ге дейін Ақтайлақ, Қарамола, Бидайық кенттері арқылы өтеді. Мердігерлік ұйымды айқындау бойынша тендерлік құжаттама дайындалып, өтінімдерді қабылдау 22 қаңтарда басталады, - деп жазды ведомстводан.

«РФ шекарасы (Самараға) — Шымкент» республикалық автомобиль жолындағы «Ақтөбе — Қарабұтақ — Ұлғайсын» қайта жаңарту жобасының 791-819 км учаскесі бойынша тендер жарияланып, өтінімдерді ашу 2024 жылғы 3 қаңтарда өткен. Бүгінгі таңда «Сине Мидас Строй» ЖШС мердігер ретінде анықталды.

Құрылыс жұмыстары Ақтөбе облысының Хромтау ауданында жүргізіледі. Қайта жаңарту 791-819 км аумақта жүріп, Ақжар кенті мен Жазық станциялары арқылы Хромтау қаласына қарай жалғасады.

763-791 км учаскесіндегі жұмыстарға „Мемсараптама“ РМК оң қорытындысын алу күтілуде, соңынан тендер жариялау мақсатында құжаттама дайындалады, - делінген ақпаратта.

Құрылыстың нормативтік мерзімдері мердігерлермен шарт жасасып, учаскеге жұмылдырылып, қажетті рұқсат құжаттамасы ресімделгеннен кейін айқындалатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға