©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Елімізде 2024 жылы 369 мектеп салынады

«Жайлы мектеп» жобасы аясында 1,7 трлн теңгеге 369 мектеп салынады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев балабақша педагогтерінің еңбекақысын 30%-ке көтеруге 96 млрд теңге қарастырылып жатқанын айтты.

Ол сондай-ақ өңірлерді дамытуға назар аударылып отырғанын мәлім етті.

Бұған республикалық бюджеттен 7 трлн теңгеден артық қаражат қарастырылған. Яғни жалпы бюджет шығыстарының шамамен 30% құрайды, - деді ол.

Оның ішінде:

- 5,3 трлн теңгесі - бұл субвенциялар;

- 1,7 трлн теңге - өңірлерді дамытуға бағытталған нысаналы трансферттер.

Сонымен қатар Үкімет резерві есебінен «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасын іске асыруға қосымша 15 млрд теңге, өңірлердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға 38 млрд теңгеге жуық қаражат бөлу қолдау тапты.