Жаңалықтар

Елімізде 20 мың тоннаға жуық балмұздақ өндірілді

Елімізде 20 мың тоннаға жуық балмұздақ өндірілді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 12.07.2023 21:40 1572

Биыл 5 ай ішінде елде 19,7 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметке сәйкес, бұл өткен жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда бұл 38,1% артық.

Жалпы 2022 жылы Қазақстанда 41,3 мың тонна балмұздақ өндірілді. Осы ретте 9,2 мың тонна өнім импортталған, сырттан әкелінетін өнімнің үлес салмағы – 18,3%. Өзге елдерден балмұздақ жіберетін елдердің алғашқы үштігіне Ресей (5,6 мың тонна), Қырғызстан (2,1 мың тонна) және Түркия (911,5 тонна) кіреді. Сондай-ақ өткен жылы балмұздақ Беларус, Украина, Бельгия, Франция, Италия, Швейцария және Кореядан әкелінді.

Өткен жылдың 12 айында 5 мың тонна балмұздақ экспортталды. Қазақстаннан өнім ТМД елдеріне (4,9 мың тонна), сондай-ақ Моңғолияға (72,6 тонна) жіберілген, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға