Жаңалықтар

Елімізде 16 мыңнан астам ІТ-компания жұмыс істейді

Елімізде 16 мыңнан астам ІТ-компания жұмыс істейді
Фото: t.me/bagdat_mussin_official 13.09.2023 10:30 670

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі Бағдат Мусин үкімет отырысында еліміздегі ІТ саласының қарқыны дамып жатқанымен бөлісті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, бүгінде елімізде 16 мыңнан астам ІТ-компания бар.

ІТ саласында 180 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Жалақы көлемі де қарқынды өсіп жатыр, бір жыл ішінде орташа жалақы шамамен 100 мың теңгеге көтерілді. Оң динамика әрі қарай өсу мүмкіндігін көрсетіп отыр. Бұл өз кезегінде ІТ-саласын ең тартымды бағыттардың біріне айналды. Сондай-ақ, спорттық бағдарламалауды насихаттау және дамыту ІТ индустриясын дамытуға үлкен ықпалын тигізеді. Осы мақсатта Астана қаласында спорттық бағдарламалау бойынша әлем чемпионатын өткізуге өтінім берілді, - деді министр.

Мусин 2026 жылға қарай еліміздің ІТ экспортын 1 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу мақсаты қойылғанын атап өтті.

Өткен жылы ІТ экспорты бес есе өсіп, 334 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде 153 млн АҚШ доллары Astana Hub қатысушыларымен жасалды. Бұл біздің цифрлық өнімдеріміздің халықаралық аренада бәсекелі болуының көрсеткіші. Astana Hub Орталық Азия өңіріндегі Google for Startups-тің жалғыз серіктесі болды. Осылайша, Қазақстан аймақтық ірі айти ойыншысына айналып келеді, - деді Бағдат Мусин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға