Жаңалықтар

Елімізде 1500-ға жуық ауыл кең жолақты мобильді интернетпен қамтылмаған

Елімізде 1500-ға жуық ауыл  кең жолақты мобильді интернетпен қамтылмаған
Фото: Pixabay.com 25.04.2023 10:24 681

Бұл туралы үкімет отырысында цифрлық  даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр өткен жылы 241 ауыл интернет желісіне қосылғанын және 1059 ауылдық елді мекеннің интернет желісі нің сапасы жақсартылғанын атап өттті.  

Байланыс сапасын арттыру мақматында жыл сайын базалық станциялар санын кеңейтудеміз. Бүгінгі күні 41 мыңнан астам базалық станция орнаттық. Яғни, бұл жыл сайын базалық станцияларының 3 мыңға  өсетінін білдіреді. Барлық елді мекендердің 25 пайызы ADSL технологиясымен, яғни мыс сыммен және 33 пайызы ғана оптикамен қосылған. Халық саны 200 мыңнан асатын 1432 ауыл кең жолақты мобильді интернетпен қамтылмаған, - деді Бағдат Мусин. 

Сондай-ақ, ол интернет қолданушыларының саны ғана емес, олардың интернетте өткізетін уақыты да артып келе жатқанын тілге тиек етті. 

Аталған факторлар байланыс инфрақұрылымына жүктеменің артуының негізгі себебі болып табылады. Бұдан бұрын айтылғандай, біз базалық станцияларды ұлғайту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар, байланыс саласына инвестициялар жыл сайын төмендейтінін атап өткен жөн, бүгінде бұл көрсеткіш 28 пайызға төмендеді, - деді Мусин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға