Елімізде 150 мыңнан астам адам өзін құмар ойындардан шектеген
22.08.2024 13:23
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Елімізде өзін құмар ойындардан шектеген адамдар саны артты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, мұндай адамдар саны 150 мыңнан асқан. Соның ішінде 149 973 адам онлайн (eGov mobile) өтініш берсе, 3 213 адам жазбаша өтініш қалдырған.
18 наурыздан бастап азаматтарға құмар ойындарға қатысуын 6 айдан 1 жылға дейін өз бетінше шектеуге мүмкіндік беретін онлайн сервис жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде өзіне тыйым салғысы келетіндер саны айтарлықтай өсті. Өзін-өзі шектеу тек заңды, лицензиясы бар ойын компанияларына қатысты.
Ranking.kz сарапшыларының бағалауы бойынша қазақстандықтар өткен жылы құмар ойындарға 368,7 млрд теңге жұмсаған. Бес жылдағы жалпы сома 1 триллион теңгеден асты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

