Елімізде 1,5 мыңнан аса адам коронавирустан емделіп жатыр
EL.KZ Информационно-познавательный портал
09.02.2023 09:00
Фото:
El.kz
Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясы – 114, коронавирус белгілері бар пневмония 9 адамнан анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
9 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір өңірлерде коронавирус инфекциясынан 1 595 адам (коронавирустан (КВИ+) –1 435, пневмониядан (КВИ-) – 160) емделіп жатыр. Олардың ішінде 119 пациент стационарда, 1 476 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 5 адамның жағдайы ауыр.

