Елімізде 133 шақырымдық жылу желілерін жаңғыртуға министрлік республикалық бюджеттен 109,5 млрд теңге бөлінді
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі
30.08.2023 18:53
693
2023 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 133 км жылу желілерін жөндеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ИИДМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда республика бойынша шамамен 14 мың км жылумен жабдықтау желілері бар, олардың орташа тозуы 54 пайызды құрап отыр. Қазір барлық өңірлерде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Биыл 133 км жылу желілерін жаңғыртуға министрлік республикалық бюджеттен 109,5 млрд теңге бөлген.
Айта кету керек, Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2030 жылға қарай жылу желілерінің тозуын 43% - ға дейін төмендету міндеті тұр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елімізде мемлекеттік архивтер саны 231-ге жетті