Жаңалықтар

Елімізде 11 заманауи перинаталдық орталық бой көтереді

Заманауи орталықтар жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді
Елімізде 11 заманауи перинаталдық орталық бой көтереді
Фото: gov.kz 03.12.2022 01:14 1325

Елімізде кешенді, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін 11 заманауи перинаталдық орталық салынады, деп хабарлайды El.kz Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Министр Ажар Ғиният Сенатта денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелері бойынша Үкіметтік сағатта баяндама жасады.

Ведомство басшысының айтуынша, жүкті әйелдер мен балаларға кешенді, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін әлемдік стандарттарға сәйкес келетін 11 заманауи перинаталдық орталықтардың құрылысы жоспарланған.

Кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін шешу бөлігінде министр білікті мамандарды, оның ішінде ауылдық денсаулық сақтау үшін даярлау жөніндегі шараларды атап өтті.

Еліміздің мемлекеттік медициналық ұйымдарында 270 мыңға жуық медицина қызметкері, оның ішінде 80 мыңға жуық дәрігер және 190 мыңға жуық орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Республика бойынша кадрлардың тапшылығы 7,7 мыңнан астам бірлікті құрайды, оның ішінде дәрігерлер – 3,9 мыңға жуық, орта медицина қызметкерлері – 3,8 мыңға жуық бірлікті құрайды, - деді Ажар Ғиният.

Сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесінің алдында нақты ауқымды міндеттер тұрғанын, олардың сапалы іске асырылуы жүйенің ағымдағы және болашақ жаһандық сын-тегеуіріндерді жоюға дайындығын нығайтуға, сондай-ақ халықтың қажеттіліктеріне сәйкес келетін пациентке бағдарланған денсаулық сақтау моделін қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Мемлекет басшысының, Үкіметтің және депутаттық корпустың ерекше назарының арқасында салада инфрақұрылымды айтарлықтай жаңарту жүргізілді және медицина қызметкерлерін қолдаудың бұрын - соңды болмаған шаралары көрсетілді, - деп атап өтті министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға