Жаңалықтар

Елімізде «10 жасыл күн» республикалық челленджі басталды

Елімізде «10 жасыл күн» республикалық челленджі басталды
Фото: © El.kz 10.08.2024 15:00 319

Еліміздің барлық өңірлерінде жыл сайын ұйымдастырылатын  «10 жасыл күн» атты республикалық челлендж бастау алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған челлендж «Birgemiz: Taza Alem» жобасы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік жалпыұлттық қорымен «Тaza Alem» және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциялары аясында ұйымдастырылуда. 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, «10 жасыл күн» атты челлендж аясында 10 күнде 10 эко әдеттер қалыптастыру жоспарланған. Оның ішінде «Эко сөмке уақыты», «Жаяу жүріңіз», «Жалпы энергия үнемдейтін шам», «Суды үнемдеу», «Қоқыс сұрыптау» және т.б бағыттары қарастырылған.

Челлендждің негізгі мақсаты - азаматтардың экология саласына, оның ішінде қоршаған ортаны қорғаудағы волонтерлік қызметке қатысуға деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ табиғаттағы тазалықтың сақталуын қамтамасыз ету және елді мекендерді абаттандыруға бағыттау.

Қатысушылар #10ZHASYLKÚN  челлендж хэштегтерін қолдана отырып, әлеуметтік желілерде фотосуреттерін немесе видеоларын бөлісіп, @birgemiz_taza_alem2022 ұйымдастырушылар парақшасын белгілеу қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға