Жаңалықтар

Еліміз бидай мен ұн экспортына квотаны 30 қыркүйекке дейін ұзартады

Еліміз бидай мен ұн экспортына квотаны 30 қыркүйекке дейін ұзартады
Фото: Ашық дереккөз 15.06.2022 13:37 2782

Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылдың 30 қыркүйегіне дейін үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне 550 мың тонна көлемінде бидай мен меслин қабылдады. Сондай-ақ үшінші елдерге 370 мың тонна көлемінде бидай мен бидай-қара бидай ұнының экспортына шектеу енгізу туралы шешім қабылдады деп, – хабарлайды El.kz порталы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығ министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік ауыл шаруашылығы өнімдерін квоталау механизмін бекіту бойынша шаралар қабылдап жатыр.

15 маусымға дейін Қазақстаннан 1 миллион тонна бидай мен  300 мың тонна мөлшерінде ұнды сыртқа шығаруға квота енгізілген болатын.

Қазақстанның Астық одағының соңғы мәліметіне сәйкес, бидайға арналған квотаны игеру 50 пайызды, ұн бойынша 87 пайызды құрап отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға