Жаңалықтар

Еліміз азаматтық қоғамға үлкен қадам жасады – министр

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Қазақстанның Азаматтық Альянсына қоғамдық бастамалары үшін алғыс білдірді
Еліміз азаматтық қоғамға үлкен қадам жасады – министр
Фото: kaznu.kz 07.10.2022 13:14 1579

Астанада «Жаңа Қазақстан – мықты азаматтық қоғамы бар тиімді мемлекет» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды El.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Сөз басында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Қазақстанның Азаматтық Альянсына қоғамдық бастамалары үшін алғыс білдірді.

Мемлекет басшысы Азаматтық қоғамның маңыздылығын Жолдауында ерекше атап өтті. Мықты мемлекет болу үшін, мықты азаматтық қоғам болуы керек. Бүгіні таңда Үкіметтік емес ұйымдарға үлкен мән беріліп жатыр. Еліміз азаматтық қоғамға үлкен қадам жасауда деп есептейміз. Біздің министрлікте бұл бағытта біршама жұмыс атқарып жатыр. Оның біріншісі - заңдар. Қазір бірнеше заң қаралып жатыр. Оның ішінде гранттық қанжыландыру мәселесі және тұжырымдама 2022-2030 жылдарға арналған ауқымды іс-шаралар атқарылып жатыр. Олардың бел ортасында Қазақстанның Азаматтық Альянсы осындай игі іс-шараларды іске асырып жүр. Бүгінгі жиында еліміздің дамуында бір белес болып қалатыны анық,  - деді ведомства басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға