«Елімайдан» кеткен Самат Смақовқа жұмыс елордадан табылды
12.12.2023 18:00
Фото:
«Астана» ФК баспасөз қызметі
Елордалық клубтың техникалық директоры қызметіне қазақстандық маман Самат Смақов тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Самат Смақов аяқдопшы ретінде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, танымалдыққа ие болды, кейін «Ақтөбе» футбол клубында бас директор қызметін атқарып, «Елімай» командасын бас бапкері ретінде премьер-лигаға шығарды.
Клуб басшылығы Самат Қабирұлының футбол саласындағы кәсіби мол тәжірибесінің арқасында алдағы уақытта «Астана» футбол клубының техникалық бағыттағы жұмыстары тек оң шешімін тауып, дами түседі деп сенім білдіреді, - делінген «Астананың» баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Техникалық директордың міндеттеріне спорт бөлімінің қызметін техникалық тұрғыда қамтамасыз ету, оның ішінде футбол академиясының құрылысы мен табысты жұмыс істеуі жатады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

