Жаңалықтар

Елікті атып өлтірген екі қазақстандық сотталды

Елікті атып өлтірген екі қазақстандық сотталды
Фото: pixabay.com 22.08.2024 14:12 493

Павлодар облысында сот елікті атып өлтірген ер адамдарға үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облысы ҚМАС-ы ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақта алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамның заңсыз аңшылық жасады деп айыпталған екі адамға қатысты қылмыстық істі қарады.

Қылмыс ауыр қылмыс санатына жатқызылып, екеуіне 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылардың кінәсі олардың мойындауларымен, сондай-ақ куәлермен, сараптамалық қорытындылармен және басқа да дәлелдемелермен расталды.

Жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін мойындау, оң мінездеме, К. үшін - кішкентай балаларының болуы және ауырлататын мән-жайлар жоқ болды.

Айыптау бойынша кінәлі деп танылып, үкім шығарылды:

  • бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген К. - 4 жылға;
  • С. – 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталғандар 7 жылға аң аулау құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға