Жаңалықтар

Елге Қытайдың әскери делегациясы келді

Елге Қытайдың әскери делегациясы келді
Фото: gov.kz 17.10.2024 21:01 100

Қытай Халық-азаттық армиясы "Батыс" Біріккен қолбасшылығының әскери қызметшілері Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шетелдік қонақтар Ұлттық қорғаныс университетінің басшылығымен кездесіп, жоғары оқу орнының инфрақұрылымымен, материалдық-техникалық базасымен және оқу бағдарламаларымен танысты.

Сапар аясында ҚК Құрлық әскерлері қолбасшылығының өкілдерімен кездесулер өтті.

Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында қытайлық әріптестер ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін елдің әскери тарихынан сыр шертетін сирек кездесетін жәдігерлер, құжаттар мен фотосуреттер қойылған Мемлекеттік әскери-тарихи музейге барды.

Кездесу соңында тараптар өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша әскери ынтымақтастықты дамыту ниеттерін растады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға