Елена Рыбакина федерация сыйақысын алудан бас тартты
Фото: Global Look Press
Фото: Global Look Press
11.07.2022 15:07
1366
Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина турнирдегі жеңісі үшін берілетін Қазақстан теннис федерациясының сыйақысын алудан бас тартты. Бұл туралы федерация вице-президенті Юрий Польский мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Айтуынша, федерация теннисшіні қаржылай қолдағысы келген. Алайда, ол бұдан бас тартып, қаржыны қайырымдылыққа және Қазақстанның жас теннисшілерін қолдауға жұмсағысы келетінін жеткізді.
«Федерацияға қазірдің өзінде балаларын тенниске бергісі келетін ата-аналардан өтініш көптеп түсіп жатыр. Елде үлкен серпіліс пайда болды. Бұл теннистің жаңа қарқынмен дамуына жол ашпақ», - деді Ю. Польский.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қаңтар оқиғасында қару ұрлаған алматылық сотталды